Алматыда табиғи парк аумағында от жаққан туристке ірі айыппұл салынды

457

 38 жастағы ер адам 345 мың теңге айыппұл арқалады.  

Алматыда табиғи парк аумағында от жаққан туристке ірі айыппұл салынды Фото: Алматы ТЖД

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 20 наурыздан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысының мемлекеттік орман қоры аумақтарында өрт қаупі кезеңі жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне ауыстырылды, дала өрттерінің алдын алу бойынша мониторинг жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Жыл басынан бері табиғи парк аумағындағы Медеу филиалында екі өрт оқиғасы тіркелді.

23 сәуірде Алма-Арасан шатқалында Терра алаңқайына барар жолда 0,5 гектар аумақты құрғақ шөрп өртенді.

27 сәуірде қаланың Медеу ауданында Іле-Алатау ұлттық саябағының аумағындағы Просвещенец шатқалында таудың оңтүстік беткейінде құлаған екі ағаш пен қураған шөп өртенді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу