Алматыда тағы 4 мың бейнекамера іске қосылады

1026

Қаңтар оқиғасы кезінде 304 бейнекамера істен шықты. 

Алматыда тағы 4 мың бейнекамера іске қосылады

Алматыда тағы 4 мың бейнекамера іске қосылады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Бұрын хабарланғандай, 2022 жылғы 4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 75 “Сергек” кешені, бұл 304 бейнекамера, сондай-ақ, РТРК ғимаратында орналасқан орталық байланыс орталығы, антенна және желілік жабдық істен шықты. Барлық зақымдалған камералар қалпына келтірілді.

Жеке ТОБЖ арналарына қосылуға арналған жеке жүйесі бар 1 103 камераны қамтитын “Бейнебақылау жүйелері” жобасы бойынша жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 283 камера, сондай-ақ тарату жабдықтары істен шыққан.  

Қазіргі уақытта бейнекамералар мен зақымданған қондырғылар қалыпты жұмыс істеп тұр. 

“Алдағы уақытта 3 мың бейнебақылау камерасы орнатылады. Қала тұрғындарының қауіпсіздік шараларын ұйымдастырудың маңызды жобасы Бірыңғай бейнебақылау жүйесі болмақ. Егер бұрын тек жол қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйі ПД ЖБО арқылы бақыланатын болса, 2020 жылдан бастап Орталық азаматтардың көп жиналатын жерлеріндегі, аулаларға, полиция пункттеріне іргелес аумақтардағы тәртіпті қадағалай бастады.  Алдағы 2 жылда қаладағы барлық жағдайды көру үшін камераларды сауда орталықтарымен және басқа да жеке меншік нысандарымен біріктіруді жоспарлап отырмыз”, – деді Алматы қалалық ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы Ольга Агафонова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу