Алматыда тағы бес ірі зауыт салынады

856

Жобаларға тартылатын жалпы инвестиция көлемі 15,4 млрд теңге.  

Алматыда тағы бес ірі зауыт салынады

Бұл туралы "Жаңа Алматыны" дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған кешенді жоспарын талқылау бойынша брифинг барысында айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағында құны 11,1 млрд теңгеге фармацевтикалық  жоба жүзеге асырылады. Мұнда келесі жылы заманауи дәрілік препараттар шығару бойынша биофармацевтикалық кешен іске қосылады. Кәсіпорын 231 адамды жұмыспен қамтиды. 

"Мегаполисте 1,5 млрд теңгеге арматура тор, кварц агломераттары мен профильді құбырлар шығаратын зауыт салынуда. Әкімшілік ғимараттың екінші қабатын қалау жұмыстары жүргізілуде. Жер учаскесін жоспарлау бойынша жұмыстар аяқталды. Инженерлік желілерді салу басталды", – деді әкімдікте.

Кәсіпорын 2024 жылы іске қосылып, 100 жұмыс орны құрылады.

Үшінші ірі жоба – газдалған бетон блоктарын шығаратын зауыт салу. Оған 1,24 млрд теңге инвестиция тартылады. Кешенде металл конструкциялар мен сэндвич-панельдерді монтаждау аяқталды. Қазіргі уақытта инженерлік желілер қосылып, технологиялық жабдықтарды монтаждау жүргізілуде. Кәсіпорын 2022 жылы ашылып, 30 адамды жұмыспен қамтиды. 

Бұған қоса мегаполисте 2022 жылы төмен вольтты жүйенің электр техникалық жабдықтарын шығаратын зауыт салынып, іске қосылады. Ал 2023 жылы бояу шығаратын кәсіпорын ашылады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу