Алматыда тағы бір адам коронавирустық инфекциядан қайтыс болды

878

Шаһарда 4 жүкті әйел індет жұқтырған. 

Алматыда тағы бір адам коронавирустық инфекциядан қайтыс болды

16 сәуірде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 393 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 6-ы бала және 4-і жүкті әйел, деп хабарлады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі. 

"16 сәуірдегі жағдай бойынша 23 жаңа жұқтыру жағдайы тіркелді. Оның ішінде Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 1 медицина қызметкері, 22 адам індет жұқтырған адаммен байланыста болғандар. Кеше коронавирустық инфекция расталған тағы бір пациент көз жұмды. Бұл  1960 жылы дүниеге келген науқас. Ол 8 сәуірден бастап жүрек-өкпе жеткіліксіздігі, кахексияға (ағзаның тозуы) байланысты ауыр халде Орталық қалалық клиникалық аурухананың провизорлық бөлімшесінде емдеуде болды. Инфекцияға талдау оң нәтиже берді", – деп жазылған хабарламада. 

Қазіргі кезде Алматыда 61 адам сауығып, ауруханадан шығарылды. Сонымен қатар 330 науқас ем қабылдауда. Провизорлық госпитальдарда 368 адам, оның ішінде 7-уі бала, карантиндік оқшаулауда – 426, үй карантинінде – 7288 адам бар. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу