Алматыда тағы бір автобус бағыты жаңарды

1195

Алматыда келер жылы тағы 600 автобус сатып алынады.

Алматыда тағы бір автобус бағыты жаңарды

Бүгін қала әкімі Бауыржан Байбек жеке тасымалдаушы сатып алған жаңа автобустарды көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа автобустар №141 бағытқа қызмет етуге шығатын болады.

Аталған бағыт бойынша енді жолға 12 метрлік төмен еденді автобустар шығады. Олардың барлығы ауа баптағыштармен жабдықталған және Евро-5 экологиялық стандартына сай.

Жаңа автобустар Айнабұлақ ықшам ауданы мен "Мост" аялдамасының арасында жолаушылар тасымалдайтын болады. Бағыттың барлық жүргізушілері бірыңғай жаңа форма киген.

Жалпы, биыл қала бойынша 479 жаңа автобустар алынды, келер жылы тағы 600 автобус алу жоспарланған. Олардың басым бөлігі бюджеттен тыс қаржы есебінен сатып алынуда.

Еске салсақ, мұның алдында BRT желісі аялдамаларында пайда болған алғашқы электронды таблолардан бағыт нөмірі және қоғамдық көліктің аялдамаға қай уақытта жететіні туралы актуалды хабарламаны оқуға болатындығын хабарлағанедік.

Бұл жоба да бюджеттен тыс қаржы есебінен іске асуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу