Алматыда тағы бір курсант көз жұмды: Ұлттық қауіпсіздік комитеті түсініктеме берді

345

19 жастағы жігіт ҰҚК шекара академиясында оқыған.

Алматыда тағы бір курсант көз жұмды: Ұлттық қауіпсіздік комитеті түсініктеме берді Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда жоғары қабаттан құлап көз жұмған курсантқа қатысты ақпарат жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Комитеттің мәліметіне сәйкес, үшінші курста оқыған курсант демалыс алып кеткен.

"2024 жылғы 22 қыркүйекте Алматы қаласының көпқабатты тұрғын үйінің ауласынан кезекті демалысқа босатылған 3-курс курсантының мәйіті табылды. Жас жігіт биіктен құлап, қайтыс болды. Полиция органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның мән-жайы және оның әрекетіне түрткі болған жағдайлар зерделеніп жатыр", – делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Алматы қалалық полиция депаратменті Қылмыстық кодекстің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша тергеу басталғанын хабарлаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу