Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы сот шешімі бойынша тұруға жатпайтын ірі нысан бұзылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Меншік иесі "өндірістік орын" мақсаты бар жер учаскесіне алаңы 470 метрге жуық нысан салған әрі мұнда мемлекеттік қордың жері де ішінара пайдаланылған. Ол Брюсов көшесі, 4, Скрябин көшесі, 35 қиылысында орналасқан.
Айта кетерлігі, қала құрылысын бақылау басқармасы 2021 жылы меншік иесіне талап арыз беруге бастамашы болған, содан кейін сот процестері басталды.
"Алматы қалалық сотының 2022 жылғы 27 сәуірдегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың объектіні ішінара бұзу туралы 2021 жылғы 2 қарашадағы шешімі өзгеріссіз қалды. 2022 жылғы 27 мамырда сот орындаушысы атқарушылық іс қозғады және меншік иесінің атына 2022 жылғы 13 маусымға дейін сот шешімін ерікті түрде орындау туралы хат жолдады, оны меншік иесі орындамады", - делінген хабарламада.
Бүгін нысан сот орындаушыларының қатысуымен сүрілуде.