Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені "қара тізімге" кірді

Тұрғын үй салынып жатқан учаскеге әкімшілік ғимарат салынуы тиіс болған.  

Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені "қара тізімге" кірді Фото: gov.kz

 

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы Maison ТК құрылысын тоқтатуға талап арыз берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Басқарма мониторинг жасау барысында  осы жер телімі орналасқан Шашкин көшесі, 42/1 мекенжайы бойынша Maison ТК пәтерлерін сату туралы хабарландырулар жарияланғанын анықтаған.

"Аталған жер учаскесінің нысаналы мақсаты жерасты паркингі бар әкімшілік ғимаратты салу және пайдалану. Ал сәулет-жоспарлау жоспары медициналық орталықтың құрылысына алынды. Басқарма меншік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабының 1-бөлігі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді, сондай-ақ құрылыс – монтаж жұмыстарын мәжбүрлеп тоқтата тұруға сотқа талап арыз берді", - делінген басқарма таратқан хабарламада.

Қала құрылысын бақылау басқармасы алматылықтарға жылжымайтын мүлік сатып алмас бұрын +7 (727) 229-81-36 жедел желісінің нөмірі бойынша құжаттардың толық пакетінің бар-жоғын тексеруді ұсынады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу