Алматыда тағы бір заңсыз салынған дәмхана сүріледі

621

Bars Holding ЖШС меншік иесі рұқсатсыз мемлекет жеріне қосалқы нысан тұрғызған.

Алматыда тағы бір заңсыз салынған дәмхана сүріледі Фото: Алматы әкімдігі

Назарбаев даңғылындағы 240 үйде орналасқан "Здесь и сейчас" дәмхана-барының жазғы террассасы сот шешімімен сүріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

"Bars Holding ЖШС меншік иесі рұқсатсыз мемлекет жеріне қосалқы нысан тұрғызған. 2022 жылғы 28 маусымда қала құрылысын бақылау басқармасы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (МАЭС) осы қосымшаны бұзу жөнінде талап арыз берді. 

Алматы қаласы МАЭС шешімімен қосалқы нысанның заңсыз салынғаны және оны бұзу туралы талап-арыз толық көлемде қанағаттандырылды", делінген әкімдік хабарламасында.

2023 жылғы 7 сәуірде нысан сот орындаушыларының қатысуымен сүріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу