Алматыда тағы бір зертхана ашылады

887

Шаһардың инфекциялық ауруханаларында 1940 жатын орын бар. 

Алматыда тағы бір зертхана ашылады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы коронавирустық ахуалды баяндай отырып жаппай сараптама жүргізу мәселесіне тоқталды.

"Бастапқыда күніне 300 сараптама жүргізілетін. Тесттің көбі сырттан келген қала тұрғындарына жасалған. Кейін қалыптасқан жағдайды есекере отырып күнделікті жасалатын сараптамалар санын көбейттік. Жалпы саны Алматыда 149 мың 866 сараптама жасалды. Оның ішінде 123 мың 855 ПТР-тест, 26 мың жедел тест", – деген мегаполис басшысы зертханалар санына тоқталды. 

Қазіргі кезде шаһарда 6 зертхана жұмыс істейді. Бақытжан Сағынтаевтың сөзінше жуырда тағы бір сараптама орталығы іске қосылады. 

"Оны Болат Өтемұратовтың қоры жасақтайды. Зертханада күніне 1 мыңнан астам сараптама жасалады", – деді әкім. 

Алматыда коронавирустық инфекция тарала бастағанда жұқпалы індет жұқтырғандарды қабылдайтын екі аурухана болатын. Бүгінде олардың саны артты. 

"Инфекциялық стационарларда 1940 жатын орын бар. Қазіргі кезде оның 54%-ында науқастар ем қабылдауда. Ал 46%-ы бос. Сонымен қатар қала сыртында далалық госпиталь қарастырылған. Онда 250 жатын орын әзірленді. Қажет болған жағдайда оның санын 500-ге жеткізуге болады", – деді Бақытжан Сағынтаев. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу