Алматыда тағы бір автобус апаты болды. Видео әлеуметтік желіде пайда болды. Желідегі ақпарат бойынша Шаляпин мен Әшімов көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға сағат 9.15-те Наурызбай ауданында болды. Жүк көлігі аялдамада тұрған №137 автобусқа соқтығысқан. Қоғамдық көлік қатты соққының әсерінен жеке үйдің қоршауына соғылған.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендеге қажетті тексерулер жүргізіліп жатыр. Сегіз адамның жағдайы тұрақты. Біреуінің жағдайы ауыр. Ол реанимацияда қажетті медициналық көмек алып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу