Алматыда ауыл шаруашылық жәрмеңкелеріне бәсекелес болатын жаңа сауда орталығы жұмыс істей бастады, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Әлеуметтік сауда орны шаһардың айналасында орналасқан тауар өндірушілермен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы өнімнің бағасын 15 пайызға төмендетуді көздеп отыр. Қала билігі бұл базардың сауда және баға саясатын реттеуге жаңа серпін беретініне сенімді. Біздің тілшілеріміз бағаның қаншалықты арзан екенін көріп келді. Әлеуметтік базар Алматыда бұрын да бірнеше рет ашылған болатын. Бірақ бұл жолы қалалық ауыл шаруашылық басқармасы жобаға ерекше үміт артып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу