Алматыда тағы да жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісі Алматыдан 269 шақырым жерде болды. 

Алматыда тағы да жер сілкінісі тіркелді Фото: inbusiness.kz

2024 жылғы 23 қаңтарда сағат 15:23-те Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмология институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 269 км жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.3, ал MPV магнитудасы 4.8. Эпицентрдің координаттары 41.12° С. Е. 78.59° ш.б., тереңдігі 5 км. Сезілетіндігі туралы мәліметтерге сәйкес (MSK-64 шкаласы бойынша),  ҚР аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ", - делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу