SMALL сауда желісі Алматы қаласындағы Солтүстік айналым көшесінде және Silk Way City сауда орталығында тағы екі дүкенін ашты, деп хабарлайды кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы.
Солтүстік айналым көшесіндегі дүкенде тауардың шамамен 10 мың, ал Silk Way City Сауда орталығында 15 мың түрі бар.
SMALL сауда желісі Қазақстанның 13 қаласында "үй жанында", "супермаркет" және "көтерме маркет" үлгісінде жұмыс істейді. Компанияның еліміз бойынша ай сайын 2,5 млн-нан астам белсенді сатып алушысы бар. Сонымен қатар Алматының және басқа да өңірлердің 400-ден астам тауар жеткізушілерімен жұмыс істейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу