Қазақстандағы коронавирус бойынша 24 наурыздағы 9.00 сағаттағы жағдай бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметі коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Алматы қаласында тіркелгенін хабарлады.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 34 адам, Алматы қаласында – 28 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, жалпы 66 науқас тіркелді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу