Алматыда тағы екі көшеде автобус жолағы болады

550

Жол мамандары тиісті белгілерді сызуды, орнатуды жуырда аяқтайды.

Алматыда тағы екі көшеде автобус жолағы болады

Құлжа тас жолындағы сызу жұмыстары екі-үш аптада аяқталады, ал Момышұлы көшесіндегі жолақ қарашаның соңында дайын болады. Құлжадағы таңба Халиуллиннен Рысқұловқа дейін жалғасса, Момышұлы көшесіндегі автобус жолағы Мөңке би мен Төле би аралығында белгіленеді.

Былтыр қоғамдық көлікке арналған таңба Сүйінбай даңғылы, Халиуллин, Тәтібеков көшелері мен Райымбек даңғылында және Солтүстік айналма жолында пайда болған. 

Заң бойынша арнайы жолақпен автобус пен троллейбустан бөлек ресми такси, ішінара жолаушы тасымалдаумен айналысатын және талапқа сай рәсімделген автобустар мен шағын автобустар жүре алады. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу