Алматыда тағы екі зертхана ашылуы мүмкін

710

Індет жұқтырғандардың 80%-ында ауру белгілері болмаған.  

Алматыда тағы екі зертхана ашылуы мүмкін

Алматыда коронавирустық инфекция бойынша сараптама жүргізетін зертханалар санын 8-ге жеткізу көзделген. Бұл туралы онлайн брифинг барысында шаһардың мемлекеттік Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

"Індетті анықтау бойынша қалада 10 мобильді жедел бригада жұмыс істейді. Сонымен қатар зертханалар санын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Инфекция тарала бастаған кезде мегаполисте 2 зертхана болса, қазір 6 зертхана жұмыс істеуде. Болашақта олардың санын 8-ге жеткізуді жоспарлап отырмыз", – деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар ол шаһарда індет жұқтырғандардың 80%-ында ауру белгілері болмағанын айтты.

"Елімізде індет ошақтарын анықтау, тестілеу бойынша Алматы қаласы алда келеді. Мәселен мұнда полимеразды тізбекті реакция диагностикасы бойынша 54 мың тест тапсырылса, Нұр-Сұлтанда  41 мың тест тапсырылған", – деді Алматы қаласының мемлекеттік Бас санитарлық дәрігері.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу