Биыл "Парасат" тұрғын үй кешенінің жанында Рысқұлов даңғылының бойымен және теміржол арқылы Ержанов көшесінің бойымен 2 жерүсті жаяу жүргінші өткелі салынады.
Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты.
2022 жылы ауданда 27 аялдама орнатылып, 322 бейнемониторинг жүйесінің камерасы орнатылды.
"Биыл 15 жаңа аялдама орнатамыз, ал бірінші тоқсанның соңына дейін жаңа бейнемониторинг жүйесінің камерасы орнатылатын мекенжайларының тізімі дайындалады. Бұл шамамен 700 камера. Аудан аумағында 81 "Сергек" кешені жұмыс істейді, 2023 жылдың сәуір айының соңына дейін қосымша 96 "Сергек" аппаратық-бағдарламалық кешенін орнату жоспарланған", - деді әкім.