Алматыда Таиландтан есірткі әкелмек болған азаматша 16 жылға сотталды

166

Сотталған бойжеткен екі чемоданға салынған 8,8 келі каннабис сығындысын тасымалдаған.  

Алматыда Таиландтан есірткі әкелмек болған азаматша 16 жылға сотталды Фото: metro.co.uk

Алматыда Таиландтан аса ірі көлемде есірткі затын тасымалдамақ болған 22 жастағы Қазақстан азаматына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматшаны аса ірі мөлшердегі есірткі заттарының контрабандасы және заңсыз айналымы бойынша кінәлі деп таныды.

Тергеу барысында бойжеткеннің ақшалай сыйақы үшін Қазақстанға жалпы салмағы 8,8 килограмм каннабис сығындысы салынған екі чемоданды жеткізуге келіскені анықталған. Оның қылмыстық әрекеті Алматы әуежайына келген сәтте тоқтатылды.

Прокуратура азаматтарды әлеуметтік желілердегі "оңай табыс" пен тегін саяхат туралы ұсыныстарға сақ болуға шақырады. Мұндай ұсыныстардың артында халықаралық есірткі тасымалдау схемалары тұруы мүмкін.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу