Алматыда такси жүргізушісі 15 жастағы жасөспірімге тиісіп, бетінен сүйгісі келген

738

Ол қызды көліктен шығармай қойған.

Алматыда такси жүргізушісі 15 жастағы жасөспірімге тиісіп, бетінен сүйгісі келген Фото: Бейнежазбадан

Алматыда 15 жастағы қызға такси жүргізушісі тиісіп, жыныстық сипаттағы заңсыз әрекеттер жасаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жәбірленушінің айтуынша, такси жүргізушісі оған рұқсатсыз қол тигізіп, көліктен шығармай қойған. Тіпті сүйіп алуға дейін оқталған. Бұл жағдайдан кейін қыздың анасы Алмалы аудандық полиция басқармасына арызданды.

Жауапты органның хабарлауынша, кәмелетке толмағандарға қатысты кез келген заңсыз әрекет олардың бақылауында болады.

"Бұл дерек бойынша бірден сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктінің жеке басы анықталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау – біздің жұмысымыздың басты басымдығы", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу