Алматыда такси жүргізушісі шетелдік қонақты әуежайдан қонақүйге 45 мың теңгеге апарған

444

Такси жүргізушісі келтірген шығынды өтеді.

Алматыда такси жүргізушісі шетелдік қонақты әуежайдан қонақүйге 45 мың теңгеге апарған Фото: zakon.kz

18 сәуірде Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне Lufthansa әуекомпаниясының “Франкфурт – Алматы” бағытындағы рейсімен келген 43 жастағы Германия азаматы шағымданған. 

Ол өзін әуежайдан қонақүйге қасақана жоғары бағамен, яғни 45 мың теңгеге жеткізген такси жүргізушісіне қатысты шара қолдануды сұраған, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көлік полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы қаласының 45 жастағы тұрғынын, жеке такси жүргізушісін анықтады. 

Ер адам германиялық азаматқа қоғамдық орындарда тиісіп, арбап, оған такси қызметін ұсынып, Алматы қаласының халықаралық әуежайынан қаладағы Қонаев көшесінде орналасқан қонақүйге апарғаны үшін жоғары төлем алған. Такси жүргізушісі келтірген шығынды өтеді. 

Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Германиялық азамат көлік полицейлеріне жоғары кәсібилік танытқандары және қаражатын кері қайтарып алуға үлес қосқандары үшін алғысын айтты.  

Еске сала кетсек, жыл басынан бері еліміздің әуе және теміржол көлігі нысандарында түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 15 970 азамат жауапқа тартылды. Оның ішінде қоғамдық орындарда тиіскені үшін 880 азамат анықталған. Оның 243-і – заңсыз такси жүргізушілері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу