Алматыда такси жүргізушісі мородерларды анықтауға көмектесті, деп хабарлайды, деп жазды Inbusiness.kz.
Әуезов ауданының полиция қызметкерлері И. есімді ер адам жаппай тәртіпсіздіктерге және басқа да заңсыз әрекеттерге белсенді қатысқанын анықтаған.
Сонымен қатар ол ірі қару дүкенін тонап, 10 патроны бар “BrowntnG” тегіс ұңғылы мылтығын ұрлап кеткен.
"Күдікті мылтықты бесінші ықшам ауданындағы аулалардың бірінің қоқыс жәшігіне жасырған. Бірнеше күннен кейін күдікті таксиге отырып, мылтық жасырынған жерге келген. Көлік жүргізушісі жолаушының теледидар жәшігіне қару жасырып жүргенін байқап, полицияға хабарлаған", - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.