Алматыда такси жүргізушісін кепілге алғандар ұсталды

330

Алматы қалалық полициясы такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі күдіктіні ұстады.

Алматыда такси жүргізушісін кепілге алғандар ұсталды Фото: Inbusiness.kz

Тергеу мәліметтері бойынша, бұрын сотты болған екеу зардап шегушінің туыстарынан 500 мың теңге талап еткен, деп хабарлайды деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 22.00-де Алматы қаласының тұрғыны "102" пультіне қоңырау шалып, белгісіз біреулер оның жеке тасымалдаумен айналысатын ағасын күштеп ұстап отырғанын және туыстарынан 500 мың теңге талап етіп жатқанын хабарлаған.

"Жедел кезекшілерге Chevrolet автокөлігі туралы анықтама берілді. Бұл көлікті "Буран-307" патрульдік экипажы Жұлдыз ықшам ауданында тоқтатты. Көлік ішінде такси жүргізушісі – 2000 жылы туған М.есімді азамат және 35 пен 38 жастағы екі күдікті болған. Олардың бірі қашуға тырысты. Бірақ ол ұсталып, сыбайласымен бірге қамауға алынды", – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Белгілі болғандай, екі айыпталушы да бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір олардың іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігімен квалификацияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу