Алматыда тәлімгерлік институты ашылады

2025 жылға дейін жатақханасы бар екі колледж салу жоспарланған.  

Алматыда тәлімгерлік институты ашылады Фото: almaty tv

Алматы қаласы әкімінің бастамасымен мемлекеттік колледждерде 2022-2023 оқу жылынан бастап тәлімгерлік институты іске қосылды, деп жазады inbusiness.kz.

Дуальды оқыту шеңберінде колледждермен жұмыс істейтін кәсіпорындарға тәлімгерлік үшін ақы төлене бастады.

Дуальды оқыту нысаны бойынша 53 кәсіпорында 503 студент біліп алып жатыр.

"2025 жылға дейін жатақханасы бар екі колледж салу, сонымен қатар, екі мемлекеттік колледж аумағында әрқайсысы 300 орындық 2 жатақхана салу жоспарға енген", – деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу