Алматыда тамақ өнеркәсібіне 15,4 млрд теңге инвестицияланған

1577

Алматыда тамақ өнеркәсібіне  15,4 млрд теңге инвестицияланған

2016 жылы Алматы қаласы мен Алматы облысында тамақ өнімдері өнеркәсібінің негізгі капиталына 15,4 млрд теңге инвестицияланған, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Өңір сүт, ет, құс өсіру және жеміс-көкөніс өсіру кластерлерін дамытады және 2016 жыл ішінде азық-түлік шығарылымының 24,8% көлемін қамтамасыз еткен.

Ақпарат бойынша, Алматы қаласы мен Алматы облысында 2016 жылы тамақ өнімдерін өндіруге арналған негізгі капиталға 15,4 миллиард теңге инвестиция салынған – бұл 2015 жылғы 19,8%-орнына 24,4%-ды құрайды (алдыңғы қауырт кезең 2013 жылы байқалған).

Инвестициялық қоржында 3,4 млрд теңге – Алматы қаласына және 12 млрд теңге ішінара Алматы агломерациясына кіретін іргелес облыстарға тиесілі (бес әкімшілік аудан – Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарының бөліктері, сондай-ақ Қапшағай қалалық әкімшілігінің аумағы). Инвестициялық салым көлемдерінің жылдық өсуі 38,3%-ға жеткен – бұл соңғы жылдар ішіндегі ең үлкен көрсеткіш.

Агломерацияда тамақ өнеркәсібінің төрт негізгі кластері дамуда: сүт, құс өсіру, ет , жеміс-көкөніс кластерлері.

2016 жыл ішінде Алматы қаласы және Алматы облысы ҚР-да өндірілген барлық тамақ өнімдерінің 24,8%-ын ақшалай қамтамасыз еткен. Қауырт кезеңі 2012 жылы Алматы қаласы мен оған іргелес аудандарда барлық азық-түлік көлемінің 28,2%-ын өндірген уақытта байқалған.  

Өткен жылы тамақ өнеркәсібінің өндіру көлемі 331,6 млрд теңгеге жеткен, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 29,2%-ға артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу