Алматыда танымал брендтік тауарлардың жалған нұсқалары тәркіленді

1032

Контрафактілік тауар сатқан кәсіпкердің өнімі тәркіленуден бөлек, ісі әкімшілік сотқа жолданды. Оған 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. 

Алматыда танымал брендтік тауарлардың жалған нұсқалары тәркіленді

Алматыда сауда орындарының бірінде Ferrari компаниясының тауарлары заңсыз саудаланып келген, деп хабарлайды almaty.tv.

Тауар таңбаларын заңсыз айналымға ұсынған кәсіпкерді қалалық әділет департаментінің және италиялық компанияның өкілдері тексеру жүргізу барысында анықтады. Тәркіленген контрафактілік өнімнің жалпы көлемі 170 мың теңгеге жуық. 20-дан аса тауардың ішінде спорттық киім-кешек, аяқ киім, сағат және жол сөмкесі бар.  

"Алматыда біздің брендті жамылып, заңсыз тауар сатқан бірнеше орынды анықтадық. Негізінде олар компаниямен лицензиялық келісім жасауға тиіс. Өнімдерді солардан сатып алып, ары қарай соны саудалауы керек", – деді "Ferrari" компаниясының ресми өкілі Валерия Иванова.

Контрафактілік тауар сатқан кәсіпкердің өнімі тәркіленуден бөлек, ісі әкімшілік сотқа жолданды. Оған 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Жыл басынан бері 13 кәсіпкер әкімшілік жауапқа тартылған. Көбінесе киім, тұрмыстық зат, ұялы телефон және көлік құралдары заңсыз сатылады дейді қалалық әділет департаментінің өкілдері.  

"Қарапайым тұрғындардың шағымы бұл жерде қабылданбайды. Негізінен қарапайым тұрғындар құқық иелеріне хабарлау арқылы, құқық иелері өздерінің құқықтары негізінде, мысалы сенімхат арқылы мемлекеттік органдарға, әділет департаментіне жүгіне алады. Сол арыз негізінде біз кезектен тыс жүргіземіз", – деді Алматы қаласы әділет департаменті бөлімінің жетекші маманы Еркебұлан Жетпісбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу