Алматыда танымал құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

127

Мердігер компания қаладағы бірнеше нысанда жұмыс жүргізген.

Алматыда танымал құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды Фото: gov.kz

Алматы қаласының құрылысты бақылау басқармасы “СК 7 Строй” ЖШС құрылыс компаниясын лицензиясынан айырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, мердігер қаладағы бірнеше нысанда жұмыс жүргізген. Олардың қатарында № 112 мектепке жапсарлас ғимараттың құрылысы мен Әуезов ауданындағы абаттандыру жұмыстары бар.

"Жоспардан тыс тексеру кезінде жобалық шешімдерден ауытқулар мен құрылыс нормаларының сақталмауы анықталды", – деді басқармада.

Тексеру қорытындысы бойынша компания құрылыс қызметін жүзеге асыру лицензиясынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу