Оңтүстік Кореяның танымал телеарнасы Алматыда арнайы бағдарлама түсірді

109

"Менің бойдақ жігітім" телешоуы SBS арнасынан көрсетіледі.  

Оңтүстік Кореяның танымал телеарнасы Алматыда арнайы бағдарлама түсірді Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Оңтүстік Кореядағы ең танымал тележобалардың бірі миллиондаған көрермені бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Түсірілімге әйгілі корей актерлері Пэ Чон Нам, Ли Сон Мин, Ким Сон Гюн және Ким Чон Су қатысты.

Жобаның кадрлары Көктөбеде, Шымбұлақта, Медеуде, Көк базарда, Көлсай көлдерінде және Алматының өзге де көрікті нысандарында түсірілді.

Бағдарлама 2026 жылы ақпан айының басына SBS телеарнасынан эфирге шығады деп жоспарланған.

Жобаның режиссер-операторы Алматының өзіне ерекше әсер қалдырғанын атап өтті.

Оның айтуынша, қалалық орта мен табиғаттың үйлесімі, таза ауа мен әдемі көрінісі Алматыны өзге туристік бағыттардан ерекшелейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу