Іс бойынша отырыс Алмалы аудандық сотында өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қаржы пирамидасын құру бойынша күдіктілердің саны 12 адам. Олардың қатарында екі танымал вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бар.
Сот онлайн форматта өтуде. Алайда айыпталушылар қатысушылардың көптігіне байланысты сот отырысын оффлайн форматта өткізуді сұрады.
Алайда судья олардың өтінішін қанағаттандырмады.
Еске сала кетсек, ақпан айында қазақстандық үш вайнер қаржы пирамидасын құрды деп айыпталып, оның екеуі ұсталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу