Алматыда ер адам тапанша кезеніп, балабақшаға кірмек болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы жарияланды.
"Таңертең ер адам қызымен бірге тапанша ұстап, балабақшаға келген. Ол өзін ғимаратқа кіргізуді талап еткен. Күзет қызметі полицияға шақырған. Кейін қару газ тапаншасы екені анықталды, оның құжаты болған. Ер адам балабақшаның күзет қызметіне шағымданды", – деп жазылған әлеуметтік желіде.
Бұл оқиғаға қатысты полиция түсінік берді.
"Аталған факт Наурызбай аудандық полиция басқармасында тіркелді. Бүгінде тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қарудың газ тапаншасы екені, оны ұстауға ресми рұқсат бары анықталды. Тергеу қорытындысы негізінде заңға сәйкес шаралар қабылданады", – деп жазылған хабарламада.