Алматыда тарихи көркі сақталуға тиіс ғимараттардың тізімі жасалады

3416

Қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасы сәулет ескерткіштері тізіміне енуге тиіс ғимараттар бойынша түскен ұсыныстарды жинаудың жобасын іске қосты.

Алматыда тарихи көркі сақталуға тиіс ғимараттардың тізімі жасалады

Алматыдағы тарихи көркі сақталуға тиіс ерекше ғимараттар мен нысандардың тізімі жасалады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алматылықтардың пікірі бойынша сақтаулы тиіс ғимараттар туралы ақпаратты almaty.uaig.kz сайтындағы "Бірегей ғимараттар каталогы" айдарына аты-жөні мен тегін, байланыс телефонын, нысанның мекенжайы мен  фотосын жіберу қажет. Ізгі ниетті азаматтар ұсынған объектілерді  сарапшылар бір айда екі рет қоғамдық комиссияда талқылайды және "Алматының бірегей ғимараттарының каталогына" енгізіледі. Қоғамдық тыңдау болатын күн кейінірек жарияланады.

Қазіргі кезде 757 құнды  тарихи ғимараттар анықтаkды. Алматының тарихи-мәдени мұрасымен айналысатын сәулетшілер мен энтузиастардың кәсіби бір тобы қаланың сәулет ұқсастығын зерттейтін (Archcode Almaty) жобасын ұсынуда, сонда кеңес дәуірі кезінде салынған Қазақстанның бұрынғы астанасының барынша бірегей ғимараттары да еніп, каталогтың мәні арта түсер еді.

Бұрындары Алматы қаласы ғимараттарының жасы көрсетілген карта  болды, оның құрамына 250 мыңға  жуық нысан енген. Карта қала құрылысының 7 кезеңін қамтиды: Верный кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейін:

1)  1927  жылға дейін, қаланың  астана  атануы;

2)  Астаналық  авангард: 1927-1935  жылдар;

3) Классикалық және ұлттық мұраны игеру: 1936-1941  жылдар;

4) Соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі классицизм: 1942-1957  жылдар

5) Ерте модернизм: 1958-1969  жылдар;

6) "Жоғары" модернизм: 1970-1995  жылдар;

7)  Заманауи: 1995 жылдан кейін және бүгінгі күнге дейін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу