Алматыда тарихи нысандардың құрылымын өзгертуге тыйым салынады

1019

Қала құрылысына қатысты қабылданған жаңа ережелер Алматының тарихи орталығын сақтап қалуға бағытталған. 

Алматыда тарихи нысандардың құрылымын өзгертуге тыйым салынады

Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыруға негізделген жаңа талаптармен таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алмасхан Ахмеджановтың айтуынша, Алматының Бас жоспарына сәйкес тарихи орталықтар, сондай-ақ тарихи және мәдени ескерткіштер ерекше бақылауындағы аймақтарға жатады.

"Тарихи орталық шекарасында реставрациялық әрі заңнамада көрсетілгендей, ескерткіштерді жаңғырту немесе қорғау бойынша жұмыстар жүргізуге, қасбеттік шешімдерді және абаттандыруды сақтай отырып, кәсіпкерлік қызметтер үшін тұрғын үйлерді немесе олардың бірінші қабаттарын қайта жабдықтауға рұқсат етіледі", – деді басқарма басшысы. 

Бірақ ондағы тарихи және мәдени ескерткіштердің құрылымын және тарихи ғимараттардың стилі, пропорциясы мен биіктігін өзгертуге тыйым салынады.
"Сонымен қатар тарихи аймақтағы құрылыстардың рұқсат етілген орташа биіктігінен асып кетуге, ондағы әрі 50 метрге дейінгі радиустағы тарихи-мәдени ескерткіштердің сәулеттік шешімдерінің бұзуылуына жол берілмейді", – деді Алмасхан Ахмеджанов.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу