Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде жаңаөзендік студент көз жұмды

1254

Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде жаңаөзендік Ислам Төребек қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде жаңаөзендік студент көз жұмды

Ол Алматыдағы энергетика және байланыс университетінің бесінші курсында оқыған. 

Көз жұмған студенттің анасы Құралай Балхаеваның айтуынша, қайғылы оқиға 6 қаңтарда оқыған.

"Тәртіпсіздіктер кезінде Ислам үйде болған. 6 қаңтарда интернет болмағандықтан және Алматы көшелерінде әлі де оқ атылып жатқаны туралы ақпарат тарамағандықтан ол досымен бірге аулаға шыққан. Азық-түлік азая бастағандықтан олар дүкен іздеген. Оған оқ тиіп, оқиға орнында қайтыс болды", - деді ана.

Айта кетейік, Ислам Төребек Жаңаөзендеігі №19 мектепті бітіріп, Алматы энергетика және байланыс университетіне оқуға түскен. Биыл ол дипломдық жұмысын қорғауы керек болған.

2022 жылы наурызда Ислам Төребек 22 жасқа толар еді.

Құралай Балхаеваның айтуынша, ұлының мәйіті 11 қаңтарда Алматыдан Маңғыстауға жеткізілуге тиіс. Жерлеу рәсімі 12 қаңтарда Жаңаөзенде өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу