Алматыда тәртіпсіздіктерге қатысқан екі шетелдік азамат қамауға алынды

1919

Бас прокуратура қаңтарда орын алған тәртіпсіздіктерге қатысты тергеп-тексеруді жалғастыруда. Жекелеген эпизодтар бойынша қылмыстарға қатысы бар күдіктілер анықталып, ұсталды, деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Алматыда тәртіпсіздіктерге қатысқан екі шетелдік азамат қамауға алынды

"2022 жылғы қаңтардың 4-нен 5-не қараған түні Алматыда қала әкімдігінің ғимаратын басып алу кезіндегі тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан екі шетелдік азамат анықталды. Аталған адамдармен ғимаратты қорғап жүрген Мамандандырылған күзет қызметінің қарусыз қызметкерлеріне қарсы қатыгездікпен күш қолданған. Олар полицейлерге дене жарақаттарын бұрын тартып алынған арнайы құралдармен (қалқандар, таяқшалар) жасаған. Бейнематериалдарды сәйкестендіру нәтижесінде қылмыскерлердің жеке бастары анықталды", – дейді прокуратурадан.

1 ақпанда олар соттың санкциясымен қамауға алынған.

Олардың қылмыстық әрекеттері Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігі (жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу), 380-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармақтары (билік өкіліне күш қолдану) бойынша сараланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу