Алматыда тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты өтеді

225

Азия құрлығының 27 елінен келген команда жарысқа қатысады. 

Алматыда тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты өтеді Фото: freepik

Азия Чемпионатында бақ сынайтын Қазақстан ерлер құрамасының құрамы белгілі болды. Велоспорттан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Даниил Фоминых Азия біріншілігінде бақ сынайтын шабандоздар құрамын жариялады. Чемпионат Алматыда 5-12 маусым аралығында өтеді, деп хабарлайды  inbusiness.kz  сайты.

Жарыс бағдарламасына элита, жасөспірімдер, қыздар және пара-спортшылар арасындағы сайыстар кіреді. Сонымен қатар, "Мастер" санатында велошабандоздар арасында жарыстар өтеді. Барлық жарыстар индустриялық аймақта өтеді.

Велододаға ұлттық құрама көшбасшысы Алексей Луценко қатыса алмайды. Бұл туралы аға жаттықтырушы Даниил Фоминых былай дейді:

"Өкінішке қарай, биыл күнтізбедегі Азия чемпионаты Astana Qazaqstan Team қатысатын ірі халықаралық жарыстармен тұспа-тұс келді. 2024 жылғы чемпионаттың мерзімі сәл кейінірек жарияланғандықтан, Париждегі Олимпиадаға дайындық ретінде Луценко қазақстандық велокомандамен бірге басқа жарыстарға қатысатыны алдын ала жоспарланып қойған. Бүгінде Алексейдің денсаулығы жақсы және жаттығуын жалғастыруда. Алматыда өтетін Азия чемпионатына қатысатын құрамамыздың шабандоздарына тоқталар болсақ, біз ең мықты команда жасақтадық", - деді Фоминых.

Азия чемпионатында өнер көрсететін қазақстандық шабандоздар: 

Андер-ерлер:

Жекелей жарыс — Ремхе Андрей

Топтық жарыс — Винокуров Николя, Алиев Руслан, Ремхе Рудольф, Ремхе Андрей

Элита санаты, ерлер:

Эстафета — Федоров Евгений, Груздев Дмитрий, Чжан Игорь

Жекелей жарыс — Федоров Евгений

Топтық жарыс — Федоров Евгений, Брусенский Глеб, Гидич Евгений, Груздев Дмитрий, Чжан Игорь

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу