Алматыда тасқын су зардаптары қалпына келтіріліп жатыр

742

Алматыда тасқын су зардаптары қалпына келтіріліп жатыр

Алматы облысының Қарасай ауданындағы Ақсай-19 саяжайындағы тасқын су зардаптары қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлайды 7kun.kz. 

Осыдан бір ай бұрын 2 тәулік бойы толассыз жауған жауыннан Қырғауылды өзені арнасынан тасыды. 150 үйдің ауласына су кіріп, 5 тұрғын үй мен көпір пайдалануға жарамсыз болып қалды. Қазір өзеннің арнасы тазартылып, жергілікті тұрғындардың тіршілігі үшін қажетті жағдайлар рет-ретімен жасалып жатыр.

Ерболат Иманқұлов, Қарасай аудандық ТЖ бөлімінің бас маманы: 

- Дәл қазір өзен табанын тереңдету мен ернеуін бекіту жұмыстары атқарылуда. Осы күнде жағдай қалпына келіп, өзендегі су деңгейі де қалыпты күйде.

Бақыт Нұрманов, мердігер мекеме директоры: 

- Қазіргі таңда топографиялық негіздеме мен құрылыс-жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Өзен арнасының 2,5 шақырымы бетонмен бекітілетін болады. Сонымен бірге автокөлікке арналған 4 көпір салынады. Жоғары жақтағы су реттегіш те қалпына келтіріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу