Алматыда тау бөктерінде құрғақ шөп өртеніп жатыр

339

Медеу ауданының Кеңсай-1 аумағында өрт шығып, 15 гектар аумақты шарпыған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматыда тау бөктерінде құрғақ шөп өртеніп жатыр Фото: zakon.kz

Оқиға орнында өрт сөндірушілер қызыл жалынмен күресіп жатыр.

Тұрғын үйлерге қауіп жоқ.

– Таулы жер бедері, тік жартастар және өрт сөндіру техникасы үшін жол қатынасының шектеулі болуы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты, – делінген ТЖМ хабарламасында. 

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 50-ге жуық қызметкер және 20-дан астам техника жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу