Алматыда тау бөктерінде заңсыз салынған нысан сот шешімімен бұзылды

255

Сондай-ақ жол берілген бұзушылықтарды жоймағаны үшін нұсқама берілді. 

Алматыда тау бөктерінде заңсыз салынған нысан сот шешімімен бұзылды Фото: Алматы әкімдігі

Қыз Жібек көшесі, 25 мекенжайда заңсыз салынған нысанды бұзу жұмыстары басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, ауданы шамамен 544 шаршы метр болатын объектіні меншік иесі (жеке тұлға) рұқсат беру құжаттамасынсыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз шаруашылық тәсілмен тұрғызған.

Құрылыс басқарма меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі, 321, 322-бөлігі 1, 463-бөлігі 1-бөлігі бойынша шаралар қабылдады. Сондай-ақ жол берілген бұзушылықтарды жоймағаны үшін нұсқама берілді. Нұсқама талаптарын орындамағаны үшін меншік иесі ҚР ӘҚБтК 462-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылады.

"2023 жылдың 9 маусымында Медеу аудандық сотының шешімімен басқарманың объектіні бұзуға қатысты талап арызы қанағаттандырылды. Содан кейін меншік иесінің аппеляциялық шағымы бойынша сот талқылаулары жүргізілді. 2023 жылы 21 қыркүйекте Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды", - деп атап өтті әкімдіктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу