Алматыда тауар бағасы 900 теңгеден аспайтын дүкен ашылды

1063

Алматыда тауар бағасы 900 теңгеден аспайтын дүкен ашылды

Алматыда жапониялық Miniso брендінің екі бірдей дүкені ашылды. Дүкендер "Апорт" және Maxima ойын-сауық орталықтарында орналасқан. Сондай-ақ, Miniso қаңтар айында Астана қаласында сауда желілерін ашуды жоспарлап отыр, деп жазады 7күн.

Әлемдік ритейлер косметика, тұрмыстық химия, ыдыс-аяқ, үйге қажетті заттар мен электроника сатады. Дүкендердің ерекшелігі мұндағы тауарлардың көпшілігінің бағасы 900 теңгеден аспайды.

Айта кетейік, қалада трансұлттық компаниялар көбейіп келеді. Қазіргі кезде магаполисте 100-ге жуық елдің 14 мыңнан аса компаниясы жұмыс істейді.  Alstom, Siemens, LG Electronics, Coca-Cola Bottlers табысты компаниялар қатарында. Сондай-ақ, Starbucks, McDonald’s, Ritz-Carlton сынды франшизалардың Алматы нарығына қызығушылығы жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу