Алматының Алмарасан шатқалында туристік соқпақтан адасып қалған екі адамды құтқарушылар тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
1998 және 2007 жылы туған туристер Экопарктен жоғары аумақта бағытынан жаңылып, өздігінен жол таба алмаған. Құтқарушылар оларды шамамен 2350 метр биіктіктегі шолу алаңы маңынан тауып, Алмарасандағы аялдамаға дейін жеткізді.
Туристерге медициналық көмек қажет болмаған. ТЖМ тауға шығар алдында маршрут пен ауа райын алдын ала тексеріп, белгіленген соқпақтан шықпауға шақырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу