28 наурызда сағат 17-55-те Алматы ТЖД Өрт сөндіру есептоптары Медеу ауданына жіберілді, онда 0,7 га алаңда таудың баурайындағы қураған шөптің жануы анықталды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында жану жойылды және өрттің одан әрі таудың баурайына таралуына жол берілмеді.
Өртке қарсы жеке құрамның 18 адамы және 4 бірлік техника жұмылдырылды.
Өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан ашық отты пайдаланудан, от жағудан, темекі шегуден және құрғақ шөптер мен сабандарды жағудан бас тартуды сұраймыз!
Кінәлі адамдар әкімшілік жауапкершілікке, ал зардаптары ауыр болса қылмыстық жауапкершілікке тартылады, делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу