Алматыда Тәуелсіздік күніне арнап өткізілетін шаралар

622

Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыда түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар, соның ішінде ғылыми-практикалық конференциялар, фотокөрмелер, дөңгелек үстелдер және тағы басқа да көптеген іс-шаралар өткізіледі.  

Алматыда Тәуелсіздік күніне арнап өткізілетін шаралар Фото: zakon.kz

Бұл туралы Inbusiness.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

  • 15 желтоқсан – Д. Қонаев атындағы мұражайда "Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тірегі" атты фотокөрме өтеді.
  • 15 желтоқсан - Ғалымдар үйінде қоғамдық ұйымдар мен тарихшылардың қатысуымен 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғаларға арналған конференция болады.
  • 16 желтоқсан - Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылады.
  • 17 желтоқсан - 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының 36 жылдығы аясында "Тәуелсіздік таңы" монументіне гүл шоқтары қойылады.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу