Алматыда Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

256

Алматыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Алматыда Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді Фото: Inbusiness.kz

15 желтоқсан күні сағат 11.00-де Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығында Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен "Тәңір сыйы – Тәуелсіздік" атты кездесу ұйымдастырылады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Бұл күні сағат 15.00-де Қонаев мұражайында  "Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тірегі" атты фотокөрме өтеді. 

Сағат 15.00-де Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатында "Тәуелсіздік – аппақ таным арайлы" атты тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 19.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді.

16-18 желтоқсан аралығында пауэрлифтинг пен стендтік пресс бойынша қала чемпионаты өтеді.

18 желтоқсанда сағат 15.00-де Alatau Creative Hub-та "Тәуелсіз елдің ұрпағы" зияткерлік ойыны өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу