Осыған орай, мегаполисте "Тәуелсіздік" монументіне гүл шоқтарын қою салтанатты шарасы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Гүл шоқтарын қою рәсіміне қала басшылығы, Алматы Ардагерлер кеңесі, 1986 жылғы оқиғаға қатысушылар, Ауған соғысының ардагерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, сондай-ақ этномәдени бірлестік өкілдері, Чернобыль ардагерлері және қаладағы жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Алматы аймақтық гарнизонының әскери қызметкерлері Республика алаңында салтанатты марш жасап, жүріп өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу