Алматыда тауға шығатын туристерге арналған арнайы сайт іске қосылды

228

Туристер маршруттың қай уақытта басталатыны туралы ақпаратты алдын ала енгізеді.

Алматыда тауға шығатын туристерге арналған арнайы сайт іске қосылды Фото: ЖИ

Алматыда туристерге тауға шығатын сапары туралы алдын ала хабарлауға мүмкіндік беретін Almaty Hike онлайн-сервисі іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Almaty Hike сайты арқылы туристер маршруттың қай уақытта басталатыны туралы ақпаратты алдын ала енгізіп, байланыс деректерін қалдыра алады. Ол үшін сайтқа кіру немесе таулы аймақтар мен ұлттық парктерге қатынайтын автобустар мен аялдамаларда орналастырылған QR-кодты сканерлеу қажет. Тіркелу бірнеше минутты ғана алады.

Пайдаланушы электронды нысанды толтырып, телефон нөмірі мен бағыттың (маршрут) басталуына қатысты мәліметтерді енгізеді. Маршрут аяқталғаннан кейін сайтқа қайта кіріп, таудан оралғанын белгілеп, тіркеуді жабу маңызды. Алдын ала тіркелу жоспарланған сапар туралы ақпаратты құтқару қызметтеріне ертерек жеткізуге мүмкіндік береді. Төтенше жағдай туындаған жағдайда бұл мәліметтер туристерді іздеуді жеңілдетіп, іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде құтқарушылардың жағдайды жылдам бағалауына көмектеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу