Алматыда тауға шыққан студент бір аптадан бері іздестіріліп жатыр

597

Іздеу жұмыстарына авиация мен дрондар тартылған.  

Алматыда тауға шыққан студент бір аптадан бері іздестіріліп жатыр Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматы тауларында 2007 жылы туған жігітті іздестіру жұмыстары үшінші күн қатарынан жүргізілуде, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы қаласының ТЖД мәліметінше, 6 шілдеде полицияға хабар-ошарсыз кеткен жігіттің ағасы хабарласып, 2 шілдеде інісінің тауға кетіп, жоғалғанын мәлімдеген.

Құтқарушылар бірден іздестіру жұмыстарына кірісті. Операцияға 109 қызметінің 44 маманы, РОСО құтқарушылары, ТЖД, шекарашылар, полицейлер мен еріктілер жұмылдырылған. Іздеуге ТЖМ авиациясы, төрт кинологиялық есеп және 3 ұшқышсыз аппарат тартылды.

"Іздеу жұмыстары үш бағытта жүргізілуде: космостанциядан БАП-қа дейін, жотаның оң және сол жақ беткейлері, Алма-Арасан мен Аюсайға түсетін беткейлер, сондай-ақ космостанциядан шекара заставасына дейінгі жолдар қаралуда", – деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

18 жастағы Нұрислам Ақылбекова достарына жалғыз емес екенін, жанында тағы бір досы бар екенін ескерткен. Алайда Нұрислам досының аты-жөнін айтпаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу