Алматы тауларында жасанды қар көшкіні жүргізілді

621

Алматыда қар көшкінін профилактикалық түсіру жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы қалалық ТДЖ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Алматы тауларында жасанды қар көшкіні жүргізілді Фото: inform.kz

"Тұрғындар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде көшкіндердің өздігінен түсуіне байланысты 24 қарашада "Шымбұлақ" тау шаңғы курорты аумағында қар түсіру жұмыстары жүргізілді", - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Жасанды көшкін кезінде көлемі 1 мың текше метр қар массасы тау етегіне түсті. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде "Шымбұлақ" демалушыларының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

Департамент таратқан мәліметке сәйкес, Алматының таулы аймағында қар көшкіні қаупі бар 165 учаске бар, оның ішінде қала тұрғындары мен туристері үшін ең үлкен қауіптілері - "Медеу", "Шымбұлақ" ТШК және Үлкен Алматы көлі ауданында орналасқан 18 учаске.

"Қазгидромет" РМК және "Қазселденқорғау"ММ бекеттері қар көшкіні жағдайына тұрақты мониторинг жүргізеді. Шұғыл шараларға "Қазселденқорғау" ММ Алматы қалалық пайдалану-техникалық басқармасының базасында авариялық-механикаландырылған бригада құрылып, тұрақты дайындыққа кіріседі", - деп атап өтті ведомстводан.

Сонымен қатар, таулы аудандарда жауын-шашынның түсуі және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайы салдарынан қар көшкіні өздігінен түсуі мүмкін. Осыған байланысты, Алматы қаласы ТЖД қар көшкінінің ықтимал еруіне байланысты тік қарлы беткейлерге шығуға тиым салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу