Алматыда таулы аймақтарды ұялы байланыспен қамту бойынша жоба әзірленуде

1158

Туризм саласында қауіпсіз инфрақұрылым құруға басымдық берілмек.  

Алматыда таулы аймақтарды ұялы байланыспен қамту бойынша жоба әзірленуде

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Алматыны дамыту бағыттарының бірі – туризм болып табылады. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында ғана салаға тартылған инвестиция көлемі 29,6 млрд теңгені құрап, 2,6% өсім көрсетті. Қазірдің өзінде мыңдаған шақырым жаяу тау соқпақтары цифрландырылды және ұзындығы 500 шақырымға дейінгі соқпақ абаттандырылды. Қосымша 172 шақырым тау бағыттары абаттандырылып, 4 кемпингтік аймақ пен 3 глэмпингтік аймақ құрылуда", – деді шаһар басшысы. 

Биыл Алматының таулы аймақтарында тікұшақ алаңын жасау, 2 бақылау-құтқару пунктін ұйымдастыру жоспарлануда. Сонымен қатар мегаполисте 16 құтқарушы тәулік бойы кезекшілік ететін болады. Бұған қоса құтқарушылар пультіне "SOS" спутниктік сигналын беру мүмкіндігі бар шалғай учаскелерде 15 үй салу жоспарланған.
"Қазақтелекоммен" бірге таулардағы "көрінбейтін" аймақтарды ұялы байланыспен қамту бойынша жоба әзірленуде. Туристер үшін 10 интерактивті терминал орнатылады", – деді Бақытжан Сағынтаев.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу