Алматыда таунхаус бұзылуы мүмкін

401

Сот талқылаулары жүргізілуде.

Алматыда таунхаус бұзылуы мүмкін Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда "Мечта" таунхаусы қала құрылысын бақылау басқармасы мамандарының назарына ілікті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол Обсерватория көшесі, 104/4 мекенжайында орналасқан.

Тұрғын үй кешені жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскесінде салынып жатыр.

"Сонымен қатар, құрылыстың бірінші нүктесі бойынша тексеру барысында келісілген эскиздік жобадан ауытқу анықталды. Тексеру кезінде 2-ші нүкте бойынша рұқсат құжаттары жоқ", - делінген хабарламада.

Тапсырыс берушіге өткен жылдың қыркүйегінде бұл туралы нұсқама берілген. 2022 жылғы 14 қазанда тапсырыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Басқарма объектіні пайдалануға қабылдау және бұзу актісінің күшін жою туралы сотқа талап-арыз жолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу