Алматыда тауық еті мен қант бағасы тұрақтанады

70

Тұрақтандыру келесі жылдың қарашасына дейін жалғасады.  

Алматыда тауық еті мен қант бағасы тұрақтанады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру аясында "Алматы" ӘКК" АҚ "Алатау-құс" компаниясымен тауық етін (сан еті) жеткізу және сату бойынша форвардтық қарыз шартына қол қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Алатау-құс" 30 фирмалық дүкенге 358,8 тонна тауықтың сан етін жеткізіп, қала тұрғындарына келісін 1650 теңгеден сатады. Тұрақтандыру мерзімі – 24 ай. Бұл туралы "Алматы" ӘКК" өкілдері мәлімдеді.

Бұған дейінгі келісім негізінде "Алатау-құс" компаниясы тауықтың сан еті мен жамбасын тұрғындарға келісін 1100 теңгеден сатып отыр.

Сондай-ақ "Алматы" ӘКК" жергілікті өндірушілерден 4 500 тонна құмшекер сатып алды. Отандық қант  Magnum, Small, Toimart, "Столичный", "Юбилейный" және өзге сауда желілерінде 10%-дан аспайтын үстемеақымен сатылады. Өндіруші бекіткен баға – келісіне 405 теңге.

Айта кетейік, биыл наурыз айында "Алматы" ӘКК" мен  Magnum Cash&Carry арасында әлеуметтік маңызы бар 11 түрлі азық-түлік тауарының бағасын тұрақтандыруға бағытталған келісім жасалған болатын. Жалпы көлемі – 606 тонна. Тізімге қарақұмық жармасы, макарон өнімдері (өлшеніп сатылатын), күріш, күнбағыс майы, майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамадағы айран, майлылығы 72,5% сарымай, майлылығы 2,5% пастерленген жұмсақ қаптамадағы сүт, тауық еті (сан, жамбас), бірінші сұрыпты ұн, сиыр еті (жауырын-кеуде бөлігі) және ас тұзы енді. Бағаны тұрақтандыру шаралары 2026 жылы наурызға дейін жалғасады.

Тауық жұмыртқасының құнын тұрақтандыру бағытында "Сары-Бұлақ" компаниясымен 2024 жылы қазаннан 2027 жылы қазанға дейін бірінші санаттағы 86,4 млн дана жұмыртқа өндіру және өткізу жөніндегі келісім жүзеге асып отыр. Өнім қаладағы ірі сауда желілеріне, "Алатау-Құс" фирмалық дүкендеріне және шағын дүкендерге жеткізіледі.

Өндіруші белгілеген баға – данасы 51 теңге, ал сауда орындарында үстемеақы 15%-дан аспауға тиіс.

Бұған қоса, Алматыда әр сенбі және жексенбі күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу